Алматылықтар «алтын» қызымызды құшақ жая қарсы алды

Чеджуде өткен бокстан әлем біріншілігінде чемпион атанған Назым Қызайбай туған жерге оралды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алматыда 48 келілік салмақта ешкімге дес бермеген қызды жанкүйерлері қарсы алды. Бұған дейін қазақ қыздары дүниежүзінде топ жармаған. Жүлдеге ілініп жүрді. Тіпті, осы Н.Қызайбай да қола жүлдегер атанған. Әуежай табалдырығын аттаған бетте жанкүйерлерімен жүздескен Назым тілшілермен тілдесуге де уақыт тапты. Енді ол олимпиада ойындарында өнер көрсетуді ойлайды. Жеңімпаз ол үшін салмақ қосу қажет екендігін айтты.

«Қазір қаншалықты сезімде екенімді сөзбен жеткізе алмаймын. Біздің қазағымыздың туын жоғары көтергеніме қуаныштымын. Бұл жеңіс біздің команданың жеңісі деп ойлаймын, соған көп дайындалдық», - деді бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай.

24.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или