Жасұлан Қыдырбаев: «Зілтемірге жақындаған сайын, Алладан көмек сұрадым»

Алматыда аяқталған ауыр атлетикадан әлем чемпионатының басты жұлдыздарының қатарында талантты Жасұлан Қыдырбаев та бар. 22 жастағы зілтемірші өз жеріндегі дүбірлі додадағы ең бақытты күнін confederation.kz оқырмандары үшін тағы бір мәрте еске алып, өткенге шегініс жасап қайтқан еді...

- Жасұлан, сізді жеңісіңізбен тағы да құттықтауға рұқсат етіңіз!

- Көп рахмет!

- Мойындау керек, Жасұлан Қыдырбаев алтын алады деп ешкімнің ойламағаны хақ. Тіпті, сізді тұғырдан көреміз деген ой мүлде болған емес. Алайда, сіз өзіңіз қатысқан алғашқы әлем чемпионатында үлкен ерлік жасадыңыз. Сол қуанышты сәттерді қазір жиі еске алып тұрасыз ба? Одан бері санаулы күндердің ішінде не өзгерді?

- Білесіз бе, әлем чемпионаты аяқталса да, қуанышты сәттер аяқталатын емес. Мен сезімімді айтып жеткізе алмаймын. Өз жерімде өткен дүбірлі додада жеңіске жеткенім менің бақытымды еселей түскендей. Әсерім керемет! Қазір көшеде адамдардың көбісі мені танып, қолтаңба сұрап, суретке түсіп жатады. Шыны керек, мен мұндайға көп үйренбегем (күлді).

- Бес мүмкіндігіңізді пайдаланған соң, сіз жалпы есепте екінші орында тұрдыңыз. Яғни, сіздің күміс жүлдеңізді ешкім тартып алмайтын еді. Оның үстіне, әлем чемпионатына алғаш қатысып отырған спортшы үшін күміс те жаман көрсеткіш емес. Алайда, сіз үлкен тәуекелге барып, 229 келіге тапсырыс бердіңіз...

- Дұрыс айтасыз, әлемдік сынға тұңғыш рет қатысып отырған спортшы үшін күміс те керемет көрсеткіш. Алайда, алтынның аты алтын ғой. Менің жүрек түкпірімде еліміздің Әнұранын ойнатсам, халқыма алтын сыйласам деген арман тұрды. Бір қызығы, мен алтынға басқамен емес, өзіме бауыр болып кеткен Владимир Седовпен таластым. Володя менің ағам секілді. Ол нағыз дос. Ал жарыс басталарда мен бапкерлеріме бір талап қойдым. Яғни, ең соңғы мүмкіндігімде қанша келі көтеретінімді өзім ұсынайыншы деген едім. Алғашқы бес мүмкіндігімнің бесеуін де бапкерлеріммен кеңесіп, тапсырыс бердік. Міне, алтын жүлде сарапқа салынатын шешуші тұста 229 келіні көтердім. Сол кездегі қуанышты сәтім, залдың орнынан өре түрегелгені есімнен кетпейді. Аллаға шүкір!

Зілтемірге жақындаған сайын Алладан тілек тіледім. Алла Тағала дұғамды қабыл еткен шығар. Маған қарсы бетте менен көз алмай отырған әкемнен де қуат алдым. Мұның бәрі әлі ертегі немесе түс сияқты.

- Тұғырда тұрғанда Владимир Седовтың сізге сыбырлап жатқанын байқадық. Сол кезде Володяның не айтқаны есіңізде ме?

- Ол менің жеңісіме шын қуанды. «Жасик, саған сендім! Сен ең талантты спортшылардың бірісің ғой», - деп арқамнан қақты. Сол сәтте екеуміз де ел мерейін асырып, көк байрақты биікке көтергеніміз үшін бақытты болдық. Мен өз елімді шексіз сүйемін. Туған халқымның тарихын да жақсы білем. Осы орайда, мені өсіріп, тәрбиелеген ата-анам да алғысымды айтқым келеді.

- Сіз әлем чемпионы атанған соң, 94 келідегі елішілік бәсеке одан әрі арта түсті. Седовтан басқа, былтырғы әлем чемпионатында күміспен күптеліп, Азия ойындарында да тұғырдан көрінген Алмас Өтешов бар...

- Рас. Бірақ бұдан біздің өсе түсетініміз анық. Өйткені, бәсекелестік жоғары болған жерде, нәтиже де жақсара түседі. Біз өте татту жігіттерміз. Илья Ильиннің командасында жаттығамыз. Білесіз бе, мен ұлттық құрама қатарында да жоқпын. Алайда, бапкерлерім Ержас Болтаев пен Тойшан Бектеміров және бізді үнемі қолдап жүретін Илья Ильин ешқашан көмегін аяған емес. Біз жеңіс үшін жанымызды салдық. Сондықтан, жігіттерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Айтпақшы, Алмас та келіп құттықтап, қуанышымды бөлісті.

- Илья сізді телефон арқылы жеңісіңізбен құттықтаған кезде, көз жасыңызға ерік бергеніңізді көрдік...

- Иә, ол рас. Қорыққан мен қуанған бірдей деген рас екен. Қатты қуанғаннан көз жасыма да ерік бердім. Қуаныштан ғой... Ильяға үлкен рахмет! Оның рекорд жаңартып, әлемнің төрт дүркін чемпионы атанған соң маған келіп: «Жасик, сен ғана чемпионсың ба? Міне, енді алтын менде де бар», - деп қалжыңдағаны бар. Илья – нағыз батыр. Ол адал дос та бола біледі. Бір сөзбен айтқанда, ғажап адам.

- Енді сіздің бар ойыңыз Рио-де-Жанейро Олимпиадасы шығар...

- Әрине! Мен алдағы Олимпиада ойындарына қатысу үшін аянып қалмаймын.

wfrk.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или