Қазақстанның бірінші ракеткасы Палермода өтетін турнирге қатысады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Палермода өтетін турнирге қатысады

WTA сериясындағы карантиннен кейінгі алғашқы турнир Палермо қаласында өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина аталған турнирге қатысушылардың кеңейтілген тізіміне енді.

Palermo Ladies Open турнирінің ұйымдастырушылары қатысуға өтінімдерді 6 шілдеге дейін қабылдаған. Бірақ кейіннен баспасөз қызметі қабылдау мерзімінің 13 шілдеге дейін ұзартылатыны туралы хабарлады. Турнирге қатысатын теннисшілердің ішінде қазіргі жеңімпаз голландиялық Кики Бертенс, француз қызы Ализе Корне, неміс Лаура Зигемунд, австралиялық Дарья Гаврилова, италиялық Сара Эррани, австралиялық Саманта Стосур және басқалар бар.

Сондай-ақ, алдын ала ақпарат бойынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да тізімге еніп отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Палермодағы турнир тамыздың 3-і мен 9-ы аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или