Надаль қыркүйекте Мадридте өтетін турнирге қатысады

Надаль қыркүйекте Мадридте өтетін турнирге қатысады

Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль қыркүйек айында Мадридте өтетін турнирде өнер көрсетеді. Бұл туралы турнир директоры Фелисико Лопес мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен досым Рафаэль Надальмен сөйлестім, ол Мадридтегі турнирге қатысатынын растады», - деп жазды Лопес.

Мадридтегі дода 13 қыркүйекте басталуы керек. Сол күні US Open финалы да өтеді.

Бұрын хабарланғандай, Рафаэль Надаль «Үлкен Дулыға» турнирлерінің біріне (US Open немесе Roland Garros) 2020 жылы қатыспауы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или