Спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңіне өзгеріс енгізілді
Коронавирус пандемиясының кесірінен Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары кейінге шегерілгендіктен спорт түрлерінен жарыс кестелеріне өзгерістер енгізілді.
<span> Осыған орай, халықаралық гимнастика федерациясы 2020 жылға жоспарланған әлем кубогының кезеңдерінің кестесін қарап шықты. Нәтижесінде, спорттық гимнастикадан жеке снарядтағы жаттығу бойынша әлем кубогының кезеңі жаңартылды. </span>
<span>Атап айтқанда, Дохада 18-21 наурызда өтуі тиіс дода биылдың 3-6 маусымына шегерілген болатын. Жаңартылған күнтізбеге сәйкес Катар астанасы аталған жарысты 2021 жылдың 10-13 наурыз күндері өткізетін болды. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или