Деревянченко Канело мен Чарлодан ұсыныс алған

Деревянченко Канело мен Чарлодан ұсыныс алған

Talksport.com порталының журналисі Майкл Бенсон украиналық Сергей Деревянченко Сауль Альварес және Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізуге ұсыныс алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Бүгін кешкісін келген көптеген хабарламаға сәйкес, Сергей Деревянченко Канело Альварес және Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізуге ұсыныс алды», - деп жазды Майкл Twitter-парақшасында.

<span>Қазір украиналық боксшының командасы нұсқаларды тексеріп жатыр. </span>

<span>Еске салайық, Альварес пен Деревянченко бұған дейін қаржылық шарттарға келісе алмай, жоспарланған жекпе-жек өтпей қалған еді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или