Алматылық «Астана» «Динамоны» ұтты

Бүгін су добынан Киришиде өтіп жатқан Ресей чемпионатында алматылық «Астана» Астрахань қаласының «Динамо» командасымен кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кездесу соңғы минутқа дейін тартысты өтті. Алғашқы кезеңде «Динамо» үш голға алға шығып, жеңістің іргетасын қалап қойғандай көрініп еді. Алайда үзілістен кейін алматылықтар таразы басын теңестіріп тастады. Үшінші кезеңде де командалар тең түсті, тек шешуші кезеңде «Астана» бір гол айырмашылығымен ұтып, жалпы кездесуде жеңімпаз атанды – 12:11 (2:5, 6:3, 2:2, 2:1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или