Геннадий Головкин зілтеміршілерді құттықтады

Геннадий Головкин зілтеміршілерді құттықтады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ауыр атлетика Федерациясы мен ұлттық құрама спортшыларын Алматыдағы әлем чемпионатының табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Алматыда өткен әлемдік сында Қазақстанның Әнұраны үш мәрте орындалды. Сіздер қазақстандық жанкүйерлердің үмітін ақтап шықтыңыздар. Жарыс кезінде сіздерге шын жүрегіммен жанкүйер болдым. Отандастарымның жеңісі үшін кеудемді мақтаныш сезімі кернеді», - деді Головкин құттықтау сөзінде.

Еске сала кетейік, Қазақстан жалпы есепте Қытай мен Солтүстік Кореядан кейінгі 3-орынға табан тіреді. Одан бөлек, жұлқа және серпе көтеру жаттығуларында біздің спортшылар 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль иеленді.

Халықаралық мамандар әлем чемпионатының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Қазақстандық зілтеміршілердің жетістігі отандық ауыр атлетиканың даму үстінде екенін тағы бір дәлелдеп берді. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Тамаш Аян Алматыда ауыр атлетика тарихындағы үздік әлем чемпионаттарының ұйымдастырылғанын айтқан болатын.

wfrk.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или