«Ол артында жақсы ат қалдырып, арамыздан кетті!»

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Нурмагамедов көз жұмды. Қайғылы хабарды Рамзан Кадыров жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
«Достар, Абдулманап Нурмагомедовтің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар келді. Мен бүкіл шешен халқының атынан Абдулманап Магомедовичтің отбасына шын жүректен көңіл айтамын! Ол артында жақсы ат қалдырып, лайық ұрпақ өсіріп, арамыздан кетті!», - деп жазды Шешенстан басшысы Telegram-каналында.
Айта кетейік, Абдулманап Нурмагомедов 25 сәуірде пневмониямен ауруханаға түскен болатын. Жағдайы нашарлаған соң Мәскеудегі ауруханаға ауыстырылған. Комада жатқан оның кейін жүрегіне ота жасалып, бапкер инсульт алған еді.
Кейін түрлі БАҚ-та Абдулманап Нурмагамедовтен коронавирус табылғаны хабарланған.