Халықаралық турнирлердің жүлдегері кәсіпқой боксқа ауысты
Қазақстандық Евгений Павлов кәсіпқой боксқа ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
Боксшы Suleimen Promotions промоушенімен келісімшартқа отырды. Жаңалықты промоутерлік компания бөліскен.
Евгений Павлов - Петропавл тумасы, бокс және кикбоксингтен Қазақстан Республикасының спорт шебері, беделді халықаралық турнирлердің жеңімпазы, «Бокс королі-2019» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері.
Айта кетейік, Suleimen Promotions промоушенінің клиенттері қатарында қазақстандық Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаев бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или