ВИДЕО. Зайнутдинов РПЛ тарихына енген матчқа қатысты

ВИДЕО. Зайнутдинов РПЛ тарихына енген матчқа қатысты

Ресей чемпионатының 25-турында қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдиновтің командасы «Ростов» өз алаңында «Краснодармен» тең түсті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Матч Ресей премьер-лигасының тарихына енді. Себебі ойын 111 минут 15 секундқа жалғасты. 

«Краснодар» шабуылшысы Маркус Берг 13-минутта есеп ашқан. Ал негізгі уақытқа қосылған қосымша 11-минутта «Ростов» хавбегі Попов пенальтиден гол соғып, есепті теңестірді. Матч көбіне VAR-ды қарауға байланысты ұзаққа созылды. 

Бұл матчта Зайнутдинов негізгі құрамда шығып, 87-минутта өз орнын әріптесіне босатты. 68-минутта футболшы маусымдағы төртінші сары қағазын алды - енді ол келесі турға қатыспайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или