«Қайрат» Еуропадан футболшы алмақ

«Қайрат» Еуропадан футболшы алмақ

Алматының «Қайраты» жақында Сенегал футболшысы Хали Тиамды қатарына қосады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Болгарияның «Левский» командасында доп тебетін 26 жастағы жартылай қорғаушының қазіргі келісімшарты шілде айының басында аяқталады. Gong.bg басылымының мәліметінше, Хали Тиам жақын күндері «Қайратпен» келісімшартқа отырады. 

Хали Тиам мансабында Венгрияның «Ракоци» мен «МТК», АҚШ-тың «Чикаго Файр», Түркияның «Газиантепспор», Ресейдің «Динамо» және Болгарияның «Левский» командаларында ойнаған. 

 

Бұған дейін «Қайраттың» сапына бразилиялық шабуылшы Вагнер Лавтың қосылғаны туралы жазған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или