«Қайрат» Еуропадан футболшы алмақ

«Қайрат» Еуропадан футболшы алмақ
news-banner7
mobile-news-top

Алматының «Қайраты» жақында Сенегал футболшысы Хали Тиамды қатарына қосады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Болгарияның «Левский» командасында доп тебетін 26 жастағы жартылай қорғаушының қазіргі келісімшарты шілде айының басында аяқталады. Gong.bg басылымының мәліметінше, Хали Тиам жақын күндері «Қайратпен» келісімшартқа отырады.

Хали Тиам мансабында Венгрияның «Ракоци» мен «МТК», АҚШ-тың «Чикаго Файр», Түркияның «Газиантепспор», Ресейдің «Динамо» және Болгарияның «Левский» командаларында ойнаған.

Бұған дейін «Қайраттың» сапына бразилиялық шабуылшы Вагнер Лавтың қосылғаны туралы жазған болатынбыз.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер