Тайсон Фьюри Майк Тайсонмен жекпе-жек өткізуден неге бас тартқанын түсіндірді
Аса ауыр салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюри боксқа оралуды көздеп жүрген Майк Тайсонмен жекпе-жек өткізуден неге бас тартқанын түсіндірді.
– Майкпен телефон арқылы хабарластық. Онымен шаршы алаңға шыққым келген. Майк 500 миллион доллар сыйақы жайында айтқан , алайда қағаз жүзінде тиын ғана болды.
Басында қалжың шығар деп ойладым. Дегенмен жекпе-жекті өткізуден бас тарттым. Егер Тайсон жеңіске жетсе, 53 жастағы қарттан жеңілді деп табалар еді. Ал мен ұтсам оңбаған дер еді, - деді Тайсон Фьюри.
Айта кетейік, Майк Тайсон боксқа оралса 57 жастағы Эвандер Холифилдпен жекпе-жек өткізеді деп күтілуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или