Де ла Хойяны түлен түртті ме? Атақты боксшы рингке оралмақ.

Де ла Хойяны түлен түртті ме? Атақты боксшы рингке оралмақ.

Атақты боксшы, алты салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Оскар де ла Хойя рингке оралатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

47 жастағы де ла Хойяның айтуынша, ол жақында қайырымдылық жекпе-жектерінде өнер көрсетуге қайтып оралуға және үнемі жаттығулар жасауға дайын екенін мәлімдеген 53 жастағы Майк Тайсоннан шабыт алған.

«Біріншіден, мен Майк Тайсонның не істейтінін түсінгім келеді. Мен осы уақытқа дейін жаттығып, бабымда болдым. Әрине, мен 12 раунд бойы жұдырықтасуға дайын емеспін. Бірақ мен бұл деңгейге жете алатыныма сенімдімін. Көрерміз.

Мен Тайсонның іс-әрекетін бақылап, оның рефлекстерін бағалап көремін. Ол үш-төрт раундқа шыдас бере ме, білгім келеді. Соған қарап, содан кейін шешім қабылдаймын», - дейді де ла Хойя.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или