Вагнер Лав «Қайраттың» ең қымбат ойыншылары қатарына енді

Вагнер Лав «Қайраттың» ең қымбат ойыншылары қатарына енді

«Қайратқа» жаңадан ауысқан бразилиялық ойыншы Вагнер Лавтың нарықтағы құны 1 миллион еуроны құрайды.

Transfermarkt мәліметінше, тәжірибелі футболшы «Қайраттың» ең қымбат ойыншылары тізімінде Айбол Әбікенмен 7-ші орынды бөлісіп тұр.

Нарықтағы құны 2,5 миллион еуроны құрайтын Адеринсола Эсеола «Қайраттың» ең қымбат ойыншысы.

Бірнеше апта бұрын 35 жастағы шабуылшы бразилиялық «Коринтианспен» келісімшартты бұзып, еркін агент мәртебесіне ие болған еді. Ойыншының Мәскеуге ЦСКА-ға оралғаны туралы ақпарат болды, бірақ ауысу жүзеге аспады.

Вагнер Лав өзінің мансабында «Палмейрас», ЦСКА, «Фламенго», «Шаньдун Лунэн», «Коринтианс», «Монако», «Аланьяспор» және «Бешикташ» командаларында ойнаған. Бразилия құрамасы үшін ол 20 матч өткізіп, төрт гол соқты.

<h3>Вагнер Лав ЦСКА-ға қосылуға бір табан жақын болған</h3>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или