Вагнер Лав ЦСКА-ға қосылуға бір табан жақын болған

Вагнер Лав ЦСКА-ға қосылуға бір табан жақын болған
news-banner7
mobile-news-top

«Чемпионат» басылымының журналисі Андрей Панков бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав мәскеулік ЦСКА-ға ауысуға жақын болғанын жазды.

– Қос тарап келісімге келген, клуб трансфер жайлы хабарламақ болған. Тіпті, бейнеролик түсіріп үлгерді, - деп жазды журналист.

Вагнер Лав расында ресейлік командамен келіссөз жүргізген. Алайда соңғы сәтте Қазақстаннан жақсы ұсыныс түскен. Ал күні кеше белгілі болғандай, тәжірибелі футболшы «Қайраттың» сапына қосылды.

Бірнеше апта бұрын 35 жастағы шабуылшы бразилиялық «Коринтианспен» келісімшартты бұзып, еркін агент мәртебесіне ие болған еді. Ойыншының Мәскеуге ЦСКА-ға оралғаны туралы ақпарат болды, бірақ ауысу жүзеге аспады.

Вагнер Лав өзінің мансабында «Палмейрас», ЦСКА, «Фламенго», «Шаньдун Лунэн», «Коринтианс», «Монако», «Аланьяспор» және «Бешикташ» командаларында ойнаған. Бразилия құрамасы үшін ол 20 матч өткізіп, төрт гол соқты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер