Алматыдағы бокс кешінде кімдер жұдырықтасады

Алматыдағы бокс кешінде кімдер жұдырықтасады

MTK Kazakhstan  промоутерлік компаниясы Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсететін тағы екі жұпты жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Аталған бокс кеші 18 шілдеде көрерменсіз өтеді.

Кеш аясында Нұрдос Төлебай (2-0, КО 1) мен Нұржан Мақашбаев (0-0-2), Рай Сейтжанов (2-0) пен Талғат Бертілеуов (0-1) жұдырықтасады

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде қос қазақстандық - Дәурен Елеусінов пен Арман Рысбек кездеседі.

Төлебай мен Сайжанов рингке соңғы рет 2019 жылдың 16 желтоқсанында шықты. Төлебай бірінші раундта әзірбайжандық Наби Абдулазимовты жеңді, ал Сейітжанов Абдулазимовтың жерлесі Рамиз Маммадовтан басым түсті.

Мақашбаев 2019 жылдың 10 желтоқсанында Михаил Лесниковпен тең тарқасқан болатын. Ал Бертілеуов дебюттік жекпе-жегін 29 қаңтарда Tukeshov Boxing Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кешінде өткізді. Аталған кеште ол Рахат Сейітжанға есе жіберген болатын.

Айта кетейік, дәл осы кеште жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Тұрсынбай Құлахмет пен Талғат Шәйкен алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.

Алматыда бокс кеші өтеді

Алматыдағы бокс кешінің төртінші жұбы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или