Бокс

«Ақымақтық». Промоутер Головкин - Пакьяо жекпе-жегі туралы пікірін айтты

«Ақымақтық». Промоутер Головкин - Пакьяо жекпе-жегі туралы пікірін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Top Rank промоутерлік компаниясының президенті Боб Арум филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) мен қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) арасында неге жекпе-жек өтпейтінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Головкинмен жекпе-жек - ақымақтық. Бұл Пакьяо үшін ауыр салмақ. Головкин салмақ түсіруге келіспейтін шығар, сондықтан Мэнниге 20 фунтқа көтерілуге тура келеді. GGG - шынымен де ол үшін ірі боксшы», - деді Арум.

Мэнни Пакьяо - WBA Super тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы. Ал Головкиннің орта салмақта IBF және IBO белбеулері бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер