Головкин - Чавес жекпе-жегі 2015 жылы өтуі мүмкін

Орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Хулио Сезар Чавес-кіші 2015 жылы шаршы алаңға қайта оралатынын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Мен алдағы жылдың ақпан не наурыз айында рингге қайта оралам. Бернард Хопкинс не болмаса Карл Фрочпен кездесу өткізем, бірақ Геннадиймен де жұдырық түйістіруге қарсы емеспін. Алайда оның ақпан айында кездесуі жоспарланып қойған. Онымен кейінірек келер жылы кездесеміз деп үміттенем», - деді кіші Чавес.

Айта кетейік, оның келесі қарсыласы болып жартылай орта салмақтағы бұрынғы-чемпион Бернард Хопкинс пен IBF тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы чемпион Карл Фроч таңдалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или