Майк Тайсон Джон Джонсты жекпе-жекке шақырды

Майк Тайсон Джон Джонсты жекпе-жекке шақырды

Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон (50-6-2, 44 КО) Essentially Sports-қа берген сұхбатында сенсациялық мәлімдеме жасап, жеңіл салмақтағы UFC-нің қазіргі чемпионы Джон Джонспен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тайсонның айтуынша, Джонс өзінің мәнсабындағы көлемді сыйақыға ие болмақ.

«Қазіргі кезде UFC бокстан гөрі танымал болды, дұрыс па? Жоғары рейтингтер де сонда, солай емес пе? Бірақ UFC сарбаздары ешқашан бірінші дәрежелі, элиталы боксшыдан бай болмайды. Конор МакГрегор Флойд Мейуэзермен 100 миллион табыс табу үшін жұдырықтасты емес пе, ал Джонс көп ақша тапқысы келсе, менімен төбелесуге тиіс», - дейді Тайсон.

Джонс та көп ұзамай жауап берді.

- Мен сізді тыңдап тұрмын, - деді Джон Джонс.

Айта кетелік, жақында Тайсон кәсіпқой боксқа оралуға шешім қабылдағанын айтты. Осыдан кейін көптеген файтерлер мен боксшылар аты аңызға айналған боксшыны жекпе-жекке шақыруға тырысты, бірақ Тайсон барлық ұсыныстардан бас тартты. BKFC промоушны Майкке Вандерлей Силваға қарсы жекпе-жекке 20 миллион доллар ұсынды, бірақ Тайсон бұл ұсынысты да қабылдамады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или