Левит: «Еңбек бәрін жеңбек»
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит спортқа қалай келгенін есіне түсіріп, ҰОК сайтына сұхбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Кішкентай кезімнен спортқа жақын болдым. Бір жағынан, әкем де менің спортқа қатысуымды қатты қалады, спортта өте тиянақты болуымды айтатын. Боксқа әкем жетеледі. Егер мен жаттығуға бармасам, әкем басқаша сөйлесетін. Содан кейін қалмауға тырысатынмын. Таланатты адамдар бар. Бірақ, олар талантына сүйеніп, жалқаулыққа көп беріледі. Таланатына сеніп, еңбекті екінші орынға ысырып қояды. Еңбекқор адамдар бәрінен көп жетістікке жеткісі келіп, еңбектенеді.
«Еңбек, бәрін жеңбек» деген. Әрине, дқиналған сәтте спортты қоюға ұмтыласың. Мұндай сәт кәсіби спортта жүрген барлық спортшыда кездеседі деп ойлаймын. Ал жеңіс тұғырына тұрғанда Жаттығу жиынында спортты тастайм деп ойлағанда, жарыста жеңіс тұғырында тұрғанда бәрін ұмытасың. Жаттығуды одан әрі қарай жалғастырып, тағы да мықты бола түсесің. Қазір елде карантин режимі басталды. Өте жауапты сәтте өзімізге мұқият болып, қауіпсіздігімізді есімізден шығармайық», - деп тікелей эфирді аяқтады.