Жансай Смағұлов: Олимпиада - барлық жарыстың шыңы

Жансай Смағұлов: Олимпиада - барлық жарыстың шыңы

2016 жылы Риода өткен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, дзюдошы Жансай Смағұлов Олимпиаданы осылай қабылдайды. Халықаралық Олимпиада күнін мерекелу аясында Olympic.kz қазақстандық олимпиадашылардың Олимпия ойындарынан алған әсерлері мен естеліктерімен бөлісуді жалғастырады. 

– Олимпиада ойындарына қатысу - үлкен спортта жүрген барлық спортшының арманы. Олимпиаданың алтынын алсаң спорт шыңын бағындырғанмен бірдей болады. 2016 жылы Риода бірінші Олимпиадама қатыстым. Ондағы сезімді, залдағы атмосфераны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Олимпиададағы әрбір әрекеттіңді байыппен жасайсың. 

Қазіргі таңда екінші Олимпиада дайындалу үстіндемін. Жолдамаға жету жолындағы жанталас, спорт биігін бағындыру үшін жұмсалған күш пен шыңдалған ерік-жігер - барлығы тек Олимпиада үшін. Еңбегміз ақталып, Олимпиадада Қазақ елін қуантқым келеді, - дейді Жансай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или