Алматыдағы бокс кешінің төртінші жұбы анықталды
MTK Kazakhstan Алматыдағы бокс кешінің төртінші жұбы туралы жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске сала кетелік, бокс кеші 18 шілдеде көрерменсіз өтеді. Дәл сол кеште Абай Төлеш (5-0, 3 КО) мен Сапарбай Айдаров (4-0, 2 КО) жұдырықтасады.
Оқиғаның басты жекпе-жегіне тағы екі қазақстандық қосылады, олар - Дәурен Елеусінов пен Арман Рысбек.
Қазіргі уақытта Абай Төлеш соңғы рет рингке былтыр 16 желтоқсанда көтерілген. Сол кеште Балуан Шолақ атындағы Алматы спорт сарайында ол бірауыздан чехиялық Томаш Безводты (8-11, 5 КО) жеңді.
Сапарбай Айдаров соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың 26 қазанында өткізді. Ол украиналық боксшы Ярослав Мануйловты жеңді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или