Түрік командасы «Қайраттың» ойыншысына ұсыныс жасаған
«Қайраттың» польшалық ойыншысы Яцек Гуральский Przegladsportowy.pl басылымына берген сұхбатында Түркиядан ұсыныс түскенін айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.
– Түркияның «Истанбул Башакшехир» командасынан ұсыныс болды. Алайда олар да, қызығушылық танытқан өзге бес команда да келісімшартқа жаңа маусымнан бастап отыруды өтінді. Бұл уақыт аралығын «Лудогорцте» өткізуім қажет болды. Ал «Қайрат» мені бірден сатып алуды жөн деп шешті, - деді Яцек Гуральский.
Бұған дейін Польша құрамасының футболшысы не себепті Қазақстанды таңдағанын түсіндірген еді:
– Қолымда Түркия және MLS командаларынан ұсыныс болды. Бірақ Алексей Шпилевский Қазақстанға келуге көндірді. 32 жастағы жаттықтырушы «РБ Лейпциг» академиясының жүйесінде білім алған.
Алексей – тактикалық тұрғыдан мықты бапкер. Ол «Лейпцигтің» ойынын қойғысы келеді, - деді футболшы Newonce.sport басылымына.
<h3>Гуральски: Мен өмірімде «Қайраттағы» секілді жаттығу базасын көрген емеспін</h3>