Дэвис Кубогының финалы. Бірінші күннің нәтижесі

21 қарашада Лилльде Дэвис Кубогының финалында Франция мен Швейцария құрамасы кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бірінші болып кортқа Жо-Вильфрид Цонга мен Станислав Вавринка шықты. Швейцариялық бірінші партияны сенімді жеңгенімен (6:1), екіншісінде француз басым түсті (3:6). Дегенмен Вавринка қалған екі сетте жеңіп (6:3, 6:2), қонақтар үшін бірінші ұпайды алып келді.

Дегенмен келесі кездесуде Гаэль Монфис Роджер Федерерді үш сетте қапы қалдырды – 6:1, 6:4, 6:3.

Осылайша жұптық сайыстың алдында финалдың есебі тең – 1:1.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или