Василий Левит балалармен онлайн кездесу өткізді
Халықаралық Олимпиада күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында бокстан 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит ерекше қажеттіліктері бар балалармен интерактивті кездесу өткізді. Онлайн форматта өткен жиын Ұлттық Олимпиадалық комитет және ЮНЕСКО-ның бірлескен жобасы саналады. Жүздесу барысында танымал боксшы өзінің спорттағы жолына көз жүгіртіп, балалардың сұрақтарына жауап берді деп жазады Prosports.kz.
Қысқаша әңгімелесу барысында боксшы олимпиадалық құндылықтарға мән беріп, чемпиондық рухы бар балаларды тәрбиелеудегі ата-ана рөлінің маңызына тоқталды. Сондай-ақ, ол ащы жеңілістердің де қатар келетінін айтып, үлкен спорттан алыстамауына себеп болған ең басты арманымен бөлісті. «Ең алдымен мұндай кездесудің өткеніне қуаныштымын. Бұл маған ерекше көңіл-күй сыйлады. Балалардың маған айтқан жылы тілек-лебіздеріне алғысым зор. Кез келген спортшыға бұл үлкен демеу болары сөзсіз. Осы жобаға мені таңдап алғаны үшін ЮНЕСКО мен Қазақстан ҰОК-не рахмет айтқым келеді.