Бобыржан Момынов: Ұзақ уақыттан соң шаршы алаңға оралғаныма қуаныштымын

Бобыржан Момынов: Ұзақ уақыттан соң шаршы алаңға оралғаныма қуаныштымын

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (10-0, 8 КО) кәсіпқой рингтегі он бірінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.

– Ұзақ уақыттан соң шаршы алаңға оралғаныма қуаныштымын. Бұл уақыт аралығында көптеген қиындықтар болды. Бірақ қазір бәрі артта қалды. Мұхиттың арғы бетінде болсам да, сіздердің қолдауларыңызды сезіндім, - деп жазды боксшы Instagram-парақшасында.

28 жастағы отандасымыз Лас-Вегастағы (Nevada, АҚШ) MGM Grand аренасында өткен бокс кешінде америкалық Кэмерон Краэлмен (17-15-3, 4 КО) кездесті.

Алғашқы минуттардан бастап Моминов жекпе-жек тізгінін өз қолына алды, қарсыласы тек анда-санда қарсы шабуыл жасауға ғана мәжбүр болды. Қарағандылық боксшының кездесудегі басымдылығы еш күмән тудырған жоқ. Төрешілер жеңісті бірауыздан біздің жерлесімізге берді - 57:56, 58:55, 58:55.

Осылайша, Бобиржан Моминов кәсіпқой бокста он бірінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз әлі жеңілістің дәмін татқан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или