Бобиржан Моминов он бірінші жеңісіне қол жеткізді
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бобиржан Моминов (10-0, 8 КО) кәсіпқой рингтегі он бірінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады Prosports.kz.
28 жастағы отандасымыз Лас-Вегастағы (Nevada, АҚШ) MGM Grand аренасында өткен бокс кешінде америкалық Кэмерон Краэлмен (17-15-3, 4 КО) кездесті.
Алғашқы минуттардан бастап Моминов жекпе-жек тізгінін өз қолына алды, қарсыласы тек анда-санда қарсы шабуыл жасауға ғана мәжбүр болды. Қарағандылық боксшының кездесудегі басымдылығы еш күмән тудырған жоқ. Төрешілер жеңісті бірауыздан біздің жерлесімізге берді - 57:56, 58:55, 58:55.
Осылайша, Бобиржан Моминов кәсіпқой бокста он бірінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз әлі жеңілістің дәмін татқан жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или