Мырзағали Айтжанов: «Елбасы қолдауының арқасында алға қойған мақсаттарымызға жетеміз»

Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлының Отандық спортқа жақсы қолдау көрсететінін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ұлттық құраманың боксшыларымен Жолдауды тыңдадық. Бұл жолы да көптеген мәселелер қаралды. Соның ішінде Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының елге жолдаған «Нұрлы жол» Жолдауын қызығушылықпен тыңдадық. Жолдауда үлкен өзгерістер келе жатқаны, әлемде дағдарыстың екінші кезеңі келе жатқаны нақты айтылды. Соған бүкіл ел болып, барлығымыз ауызбіршіліктің арқасында қиыншылықтан жеңіл өтудің жолдары қарастырылды. Қазіргі таңда ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында біздің ел дағдарыстан еш қиындықсыз өтеді деген ойдамыз. Өйткені көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Ал, әлемдегі көптеген алпауыт елдер 2007-2008-ші жылдардағы дағдарыста біраз шығынға ұшырады. Бірінші кезеңнен еліміз қиындықсыз өтті. Келе жатқан дағдарыстан Елбасының Жолдауының, қолдауының арқасында алға қойған мақсаттардың барлығын бір кісідей жақсы өткіземіз деп ойлаймын», - дейді Мырзағали Айтжанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или