Алматыда бокс кеші өтеді

Алматыда бокс кеші өтеді

MTK Global промоутерлік компаниясы 18 шілде күні Алматы қаласында бокс кешін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шеберлері жекпе-жек өткізеді. Олар: Абай Төлеш (5-0, 3 КО), Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО), Арман Рысбек (7-0, 6 КО), Берікбай Нұрымбетов (5-0, 1 КО), Нұрдос Төлебай (2-0, 1 КО), Рай Сейітжанов (2-0).

Сондай-ақ, жақында кәсіпқой боксқа ауысқан Тұрсынбай Құлахмет пен Талғат Шәйкен дебютін өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или