Расул Мирзоев: «Ержан есепті теңестіре алмайды»

Расул Мирзоев: «Ержан есепті теңестіре алмайды»

Қарашаның 23-і күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ережесіз жекпе-жектің ММА нұсқасы бойынша «Дала Батырлары» атты турнир өтеді. Соған орай бүгін жарыс алдындағы баспасөз жиыны ұймсатырылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кештің басты жекпе-жегінде атышулы атлет Расул Мирзоев пен қандасымыз Ержан Естанов шығады. Отандасымыз Расулға қарсы кездесуге ерекше дайындалғанын айтты.

«Өткен жолы мен есе жіберіп алдым. Енді есепті теңестіруге тырысамын. Мирзоев қолмен де аяқпен де мықты ұратын спортшы. Қорғаныста сақ болып, өз мүмкіндігімді пайдаланбақшымын», - деді Ержан.

Мықтылығын сан мәрте мойындатқан ресейлік спортшы 23-і күні жеңіске жететініне кәміл сенімді:

«Ержанды мен жақсы танимын, ұзақтан бері кегін қайтара алмай жүр менен. Дегенмен айқын жеңіске жететініме сенімдімін. Ержан есепті теңестіре алмайды. Белгілі бір тактика таңдаған жоқпын оған қарсы. Жекпе-жек барысында көре жатармын», - деді Расул Мирзоев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или