Испания чемпионаты: «Реал Мадрид» «Эйбарды» жеңді
Испания чемпионатының 28-турында «Реал Мадрид» «Эйбарды» 3:1 есебімен жеңді. Кездесу Мадридтегі «Альфредо ди Стефано» стадионында өтті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz тілшісі.
Бірінші таймда тек «Реал» ойыншылары гол соқты: 4-минутта Тони Кроос, 30-минутта Серхио Рамос және 37-минутта Марсело.
Екінші таймда қонақтардың қорғаушысы Педро Бигас есеп айырмасын қысқартып, матч нүктесін қойды.
Примера кестесінде «Реал» 59 ұпаймен екінші орында келеді. Ал 27 ұпайы бар «Эйбар» 16-орында.
Енді «Реал» келесі турда 18 маусымда өз алаңында «Валенсиямен» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или