Қазақстан командасы жаттығу жиынын жалғастырып жатыр
Теннистен Қазақстанның ұлттық және жасөспірімдер құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады. Жиын 14 маусымға дейін Щучье-Бурабай курорттық аймағында өтеді деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
<span> "Жаттығу базасында 30-дан астам спортшыны жинадық. Біздің мақсатымыз - карантиннен кейін олардың маусым алдындағы функционалдық қабілетін қалпына келтіріп, арттыру. Астанаға оралған соң спортшылар теннистен күнделікті жаттығуларын жалғастырады", - дейді ерлер құрамасының капитаны Юрий Щукин. </span>
<span> Бапкерлер спортшылардың физикалық деңгейін көтеру, олардың төзімділігін, координациясын, жылдамдылығы мен күшін арттыру саласында жұмыс істейді. </span>
<span>Сонымен қатар, Юрий Щукин, Ярослава Шведова, Елена Рыбакина, Зарина Дияс сияқты ҚР Ұлттық құрамасының атақты мүшелері жас теннисшілермен білімдері мен тәжірибесімен бөліседі.</span>