Садриддин Ахмедов: Рингке қашан оралатыным белгісіз
Болашақ қазақстандық кәсіпқой боксшы Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында карантиндегі жаттығуы және Канададағы карантин жайлы айтып берді.
- Садриддин, сен әлі Канададасың ба? Келесі жекпе-жек туралы жаңалық бар ма?
- Ия, мен әлі Канададамын. Әзірге жаңалықтар жоқ.
- Канадада карантин бар ма? Қайда жаттығып жүрсің?
- Канадада карантин жалғасуда. Залдар әлі толыққанды ашылған жоқ, бірақ жақын уақытта олар ашылуы мүмкін. Біз негізінен саябақтарда жаттығамыз, жүгіреміз.
- АҚШ-та олар бокс кештерін көрерменсіз өткізе бастады, Канададағы жағдай қандай?
- Иә, штаттар жекпе-жектер өткізуді бастады, UFC турнирлер ұйымдастырып жатыр. Бірақ Канадада әзірге нақтылық жоқ. Сондықтан рингке қашан оралатынымды білмеймін.
Еске салайық, Садриддин Ахмедов кәсіпқойлар арасында 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Олардың оны мерзімінен бұрын аяқталды.