«Астана арландарын» Марат Жакиев баптайды

Кеше «Астана арландары» командасының жаңа бапкерінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Арландарды» соңғы екі жылда жаттықтырған украиналық маман Сергей Корчинский өз еркімен қызметінен кеткеннен кейін оның орнына еліміздің еңбек сіңірген бапкері Марат Жакиев тағайындалды. Кезінде КСРО құрамасында өнер көрсеткен Жакиев бапкерлік қызметте де үлкен жетістіктерге жетті. Оның шәкірті Ердос Жаңабергенов 2005 жылы Мяньянда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, Лондон олимпиадасының және әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов те Марат Жакиевтің төл шәкірті екенін де айта кетейік. Жаңадан тағайындалған бас бапкер өз қызметіне Таразда өтетін Қазақстан біріншілігінен кейін кіріседі. Жамбыл жерінде өтетін елішілік жарыста «Астана арландарының» боксшылары да өз бақтарын сынайды.

astanaarlans.kz сайтының ақпарты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или