Тайсон бұрынғы UFC файтерімен жекпе-жектен бас тартты
Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон бұрынғы UFC жауынгері Вандерлей Силвамен жекпе-жектен бас тартты, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы Тайсонның жаттықтырушысы Рафаэль Кордейро мәлімдеді. Оның айтуынша, Майк бокс ережесімен кездесу өткізгісі келеді.
«Тайсон бокс қолғабымен жекпе-жек өткізуге дайындалып жатыр», - деді Кордейро.
Силва жапониялық Pride және америкалық атақты UFC промоушенында өнер көрсеткен. Мансабында 50 жекпе-жек өткізіп, 35 рет жеңіске жеткен. Бұдан бөлек 14 мәрте жеңіліп, бір рет тең түскен. Соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың 24 маусымында өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или