Мейуэзер: Әлемдегі ең үздік боксшы - менмін
Спорттық мәнсабында жеңілке ұшырамаған америкалық боксшы Флойд Мейуэзер ESPN арнасындағы шоулардың бірінде, бокс тарихындағы ең үздік бес шебердің есімін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бір қызығы Мейуэзер аталған тізімде өзін бірінші орынға қойды.
«Ол басқа боксшылардан гөрі әлем чемпиондарын көп жеңді, жай жеңіп қана қоймай, өте жылдам уақытта жеңді. Ол соққысын дәл, тура дарытады, бірақ қарсыласының соққысын көп тигізген емес. Ол бес түрлі салмақ дәрежесінде 18 жыл бойы әлем чемпионы болды», - деді Мейуэзер өзі туралы.
Мейуэзердің рейтингінде екінші орыннан төртінші орынға дейін Роберто Дуран, Пернел Уитакер және Хулио Сезар Чавестер тұрса, әйгілі Мұхаммед Әлиді бесінші орынға жайғасыпты.
ТОР 5 (Флойд Мейуэзердің нұсқасы):
- Флойд Мейуэзер
- Роберто Дуран
- Пернелл Уитакер
- Хулио Сезар Чавес
- Мұхаммед Әли.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или