АҚШ-та карантиннен кейін алғашқы бокс кеші өтті

АҚШ-та карантиннен кейін алғашқы бокс кеші өтті

Бүгін түнде Лас-Вегастағв MGM Grand аренасында АҚШ-тағы карантиннен кейінгі алғашқы бокс кеші өтті,  деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде американдық Шакур Стивенсон мен пуэрто-рикандық Феликс Карабайо рингке шықты. WBO салмағы бойынша әлем чемпионы Стивенсон екінші жартылай жеңіл салмаққа көтеріліп, алтыншы раундта белгісіз қарсыласын жеңді.

Екінші маңызды шайқаста ауыр салмақтағы америкалықтар Джаред Андерсон мен Джонни Лангстон кездесті. Жекпе-жек тартысты өтті, Андерсон үшінші раундта нокаутпен ұтты.

Сондай-ақ, итальяндық Гвидо Вианелло мен американдық Дон Хайнсворт те қолғап түйістірді. Бұл кездесуде Гвидо басым түсті.

Жеңіл салмақтағы Робеси Рамирес пен Еури Андуара жекпе-жегінде бірінші раундта көрермендер нокдаун мен нокаут көрді. Рамирес шайқасты белсенді бастап, алғашқы раундта-ақ қарсыласын сабап тастады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или