Marca Головкинді Тайсонға ұқсатты
Marca басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арнап мақала жазды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Мақала авторы Геннадий Головкинді XXI ғасырдың үздік спортшылары рейтингінде 77-ші орынға қойған.
– Головкин Германияда мансабын бастаған кезде-ақ ерекшеленіп, мықты күшін көрсете білді. Оның ұзақ уақыт бойы орта салмақта қарсылас шақ келтірмеуі – «Темір Майкты» еске салады. Ол өзінің салмағы үшін өте жойқын соққының иесі болды.
АҚШ-қа келген соң Головкин алдына түскен қарсыласын талқандады. Дегенмен Геннадий ғасыр басында нағыз бабында болатын, сол себепті оның рейтингі аса мықты дей алмаймыз», – деп жазды басылым.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или