Биатлоннан 2020 жылғы әлем чемпионаты өтпейтін болды

Биатлоннан 2020 жылғы әлем чемпионаты өтпейтін болды

Халықаралық биатлон федерациясының (IBU) атқарушы комитеті биатлонан 2020 жылғы жазғы әлем чемпионатының өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық ұйым мұндай шешімді коронавирус пандемиясына байланысты қабылдаған. Шешім халықаралық биатлон федерациясы атқарушы комитетінің екікүндік видеоконференциясында талқыланып, қабылданды.

Биатлоннан жазғы әлем чемпионаты 19-23 тамызда Германияның Рупольдинг қаласында жоспарланған болатын. Германия үкіметі бұқаралық іс-шара өткізуді 2020 жылдың 31 тамызына дейін тыйым салған. Соның салдарынан, Германия шаңғы спорты федерациясы мен Рупольдингтегі ұйымдастыру комитеті жарысты өткізуден бас тартып, IBU-ға жарысты өткізу құқығын қайтарып берді.

IBU әлемде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап жарысты кейінге қалдыруды қалағанымен, COVID-19 індетінің өршуіне байланысты дүниежүзілік біріншілікті өткізбеуді ең дұрыс шешім деп қабылдады.

Ал 10-13 қыркүйекке жоспарланған IBU конгресі 2020 жылдың 13-15 қарашасына қалдырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или