Арум Жәнібек Әлімханұлының АҚШ-қа қашан келетінін айтты

 Арум Жәнібек Әлімханұлының АҚШ-қа қашан келетінін айтты

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жақын уақытта АҚШ-қа келетінін айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Боб Арумның айтуынша, Василий Ломаченко мен Жәнібек Әлімханұлы маусым айының соңына қарай АҚШ-қа ұшып келеді. Ал британиялық және канадалық боксшылардың келуі екіталай күйде.

Жәнібек Әлімханұлы 28 наурыз күні Канаданың Квебек қаласында ганалық Исса Самирге (18-0, 15 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі қажет болатын. Алайда коронавирус пандемиясының кесірінен бокс кеші өтпей қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или