ММА

Евгений Егембердиев ACA 107 турнирінде өнер көрсетеді

Евгений Егембердиев ACA 107 турнирінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Еліміздің үздік файтерлерінің бірі Евгений Егембердиевтің (11-2) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Жартылай ауыр салмақта (93 келі) ACA рейтингісінде 4-орында тұрған Егембердиев 24 шілдеде өтетін ACA 107 турнирінде өнер көрсетеді. Турнирдің орны мен форматы қазірше белгісіз. Бір анығы отандасымыз жеңіліп көрмеген ресейлік файтер Насрудин Насрудиновпен (8-0) кездеседі.

Евгений Егембердиев соңғы жекпе-жегін 6 наурызда ACA 105 турнирі аясында өткізді. Отандасымыз Алматыда өткен кеште Польша спортшысы Карола Селинскиді бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Айта кетейік, алдағы уақытта тағы бір қазақстандық файтер Асылжан Бақытжанұлы ACA турнирлерінің бірінде жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Сонымен қатар, Артем Резниковтың (21-6) биылғы жылдың қыркүйек айында бұрынғы ACB чемпионы Юсуф Раисовпен жекпе-жек өткізеді деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін жартылай орта салмақта (77 келі) бұрынғы FN Global чемпионы Георгий Кичигиннің 11 шілдеде Краснодарда өтетін ACA 106 турнирінде өнер көрсететінін хабарлаған едік.

Георгий Кичигин ACA-дағы алғашқы жекпе-жегін 11 шілдеде өткізеді

Макгрегор MMA-де ең көп табыс тапқан спортшы атанды

Артем Резников: Егер түсініксіз болса, маған қоңырау шал

Юсуф Раисов: Резников екеуміз 24 шілдеде төбелесеміз

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер