ММА

Артем Резников: Егер түсініксіз болса, маған қоңырау шал

Артем Резников: Егер түсініксіз болса, маған қоңырау шал
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ММА шебері Артем Резников (21-6) «Наш Боец» каналына берген сұхбатында ACB-дің бұрынғы чемпионы Юсуф Раисовқа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен оның бұл датаны қайдан алғанын түсінбеймін. Алматыда барлық залдар жабық, жаттығатын жер жоқ. Шекаралар да жабық. Осы уақытқа дейін ұрыс туралы ешкім айтпайды, тек Юсуф қана бұл туралы айтады. Мен ешқандай трештоксыз бәрін ретімен айттым. Ол менің сөздеріме ренжіген сияқты. Үнемі бір нәрсені ойлап жүреді. Егер бірнәрсе түсініксіз болса, маған қоңырау шалып, білсе болады», – деді Резников.

Еске салайық, Юсуф Раисов бір сұхбатында оның Артем Резниковпен жекпе-жегі 24 шілдеде өтеді деп айтқан болатын. Бірақ Артем Резников ресейлік Юсуф Раисовпен болатын жекпе-жектің қашан болатыны нақты белгіленбегенін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер