Сондерс Канелоға қарсы көрерменсіз жекпе-жектің пайдасын айтты

Сондерс Канелоға қарсы көрерменсіз жекпе-жектің пайдасын айтты

Екінші орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерстің пікірінше, Сауль Альвареске қарсы жекпе-жек көрерменсіз өтсе, оған қолайлы болады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

<span>Сондерстің айтуынша, фанаттардың қолдауы кейде төрешілерге де әсер етеді.  </span>

«Егер біз бос аренада жұдырықтассақ, Канело менің территориямда болады, өйткені ол бос стадиондарда айқасып үйренбеген. Ол үлкен жекпе-жектерде қатысу әдетінен зиян көруі мүмкін. Егер сенің соққың дәл болмаса, көпшілік бәрібір сені қолдайды, ал бұл төрешілерге және пікірлерге әсер етеді», - дейді Сондерс.

Еске салайық, Сондерс - Альварес кездесуі мамырда өтуі керек болған, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты белгісіз мерзімге шегерілген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или