Пеле асыра бағаланған футболшылар тізмінде көш бастады

Пеле асыра бағаланған футболшылар тізмінде көш бастады

Танымал Football365 басылымы футбол тарихындағы асыра бағаланған ойыншылар тізмін жасады, деп жазады Prosports.kz.

Аталған тізімде аты аңызға айналған бразилиялық шабуылшы Пеле көш бастады. Рейтинг жасаушылардың ойынша, Пеле 1958 және 1970 жылдардағы әлем чемпионатында үздік өнер көрсеткен жоқ.

Айта кетейік, бұл тізімге бразилиялық бес футболшы енген. Пеледен басқа, Роберто Карлос, Коутиньо, Неймар және Халк асыра бағаланғандар тізімінде. Сондай-ақ, тізімге франциялық екі ойыншы, Жапония, Грузия және Англиядан бір ойыншыдан енген.

Football365 нұсқасы бойынша асыра бағаланған ТОП-10 футболшы:

1. Пеле (Бразилия)
2. Давид Жинола (Франция)
3. Роберто Карлос (Бразилия)
4. Клод Макелеле (Франция)
5. Георгий Кинкладзе (Грузия)
6. Филиппе Коутиньо (Бразилия)
7. Неймар (Бразилия)
8. Пол Скоулз (Англия)
9. Хидетоси Наката (Жапония)
10. Халк (Бразилия).

2020 жылы кімдер еркін агент атанады

Бес елдің чемпионатында топ жарған бапкер кім

Transfermarkt: «Манчестер Сити» ойыншылары «Астанадан» 44 есе қымбат

Футбол тарихындағы 100 үздік бапкер. Фергюсон көш бастады

Футбол тарихындағы ең үздік он қақпашы анықталды

«Оқжетпестің» бұрынғы ойыншысы Роналдумен бірге үздіктер тізіміне енген

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или