Илья Ильин бастаған әлемнің жеңілмейтін 7 спортшысы мен командалары

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильин әлемнің жеңілмейтін спортшылар тізіміне енді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Eurosport.ru сайты жеңілмейтін атақты спортшылар тізімін ұсынды.

Илья Ильин

Сенбі күні 26 жастағы атлет төртінші жеңісті әлем чемпионатын аяқтады және 105 келіге дейінгі тұңғыш жеңімпаз болды. Илья – Қазақстанның бірден-бір екі дүркін Олимпиада чепионы. Бехдад Салими 2010 жылдан бері ирандық өзі қатысқан барлық ірі турнирлерде жеңіске жетті. Ол егер Иран ауыр атлетика федерациясымен кекілжіңі болмаса, үш мәрте әлем чемпионы болар еді.

Джон Джонс

UFC тарихындағы ең жас чемпион 21 жекпе-жегінің 20-сында жеңіп шықты. Оған рингте қарсыластары емес, Мэтта Хэмилге қарсы шынтақпен тыйым алынған әдіс қолданғаны үшін төрешілер жеңіліс беруді ұйғарды.

Кіші Флойд Мейвезер

Флойд бес салмақ санатында сайысқа түсіп, оның барлығында да әлем чемпионы болды. Ол 47 жекпе-жек өткізіп, бірде-бірінде жеңілмеген.

Рокки Марчиано

Марчианоның рекордын қайталау үшін Флойд енді екі рет жеңіске жетуі тиіс. 1947 жылдың наурызынан 1956 жылдың 21 қыркүйегіне дейін Рокки 49 сайыс өткізіп, оның алтауында ғана қарсыласын нокаутқа жібере алмады. Бірде ол жеңілістің сәл алдында ғана тұрды.Бірақ 1950 жылы наурызда Рональдо Ластарцымен жекпе-жекте төрешілер жеңісті оған алып берді. Осының арқасында ол тарихта бірден-бір жеңілмеген ауыр салмақтағы бокшы атанды.

Майкл Джонсон

Әлемнің сегіз дүркін чемпионы және төрт дүркін Олимпиада жеңімпазы. Сиднейдегі 2000 жылғы ойындардан кейін спорттан кетті. Джонсон өз мансабын 5 алтын марапатпен аяқтады, бірақ эстафетадағы соңғы медалін қайтаруға мәжбүр болды.Сегіз жыл өткен соң оның құрамадағы әріптесі Антонио Петтигрю допингпен ұсталған. Джонсонның 400 метрлік қашықтықтағы рекордына ешкім жете алмады, ал оның 200 метрлік қашықтықтағы көрсеткішін Усэйн Болт жаңартты.

Усэйн Болт

2007 жылғы Осакадағы күмістен кейін Ямайкадан шыққан спринт королі екі Олимпиада және үш әлем чемпинатына қатысып, жеңімпаз атанды.

Баскетболдан АҚШ құрамасы

2006 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалындағы жеңіліспен сәтсіздік аяқталды. Содан бері АҚШ құрамасы қатарынан 63 матчта жеңіске жетті. Оның ішінде 45 ойын ресми деңгейде өтті. Тіпті әлемдік біріншіліктерге жартылай резервтегі құрамдарын жіберсе де, АҚШ құрамасы барлық қарсыластарын тас-талқан етті. Ал олимпиадалық турнирлер жөнінде айтудың өзі артық болар.

24.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или