АҚШ-та Головкин – Альварес алғашқы жекпе-жегінің нәтижесін қайта қарап шықты

АҚШ-та Головкин – Альварес алғашқы жекпе-жегінің нәтижесін қайта қарап шықты

АҚШ-тың BadLeftHook басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы бірінші жекпе-жектің нәтижесін қайта қарап шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

2017 жылдың қазан айында өткен жекпе-жекте төрешілер тең нәтиже тіркеген болатын. Дейв Моретти 115-113 есебімен жеңісті Головкинге берсе, екінші төреші Дон Трелла 114-114 есебімен боксшылар тең түсті деп шешті. Ал жекпе-жектен соң сынның астында қалған Аделаида Берд 118-110 есебімен жеңіске Сауль Альварес ие болды деп жазған.

Араға екі жылдан астам уақыт салып BadLeftHook басылымы жанкүйерлер мен сарапшылардың сынына ұшараған жекпе-жектің нәтижесін қайта қарап шықты. Нәтижесінде Bad Left Hoo екі қағазында да Геннадий Головкин 115-113 және 116-112 есебімен жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, бұған дейін DAZN News Андреас Хейл, Марк Лелинвалла және Стивен Мюльхаузен төрешілерін тағайындап, бірінші жекпе-жектің нәтижесін қайта қарап шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или