FIS 2025 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қалаларды анықтайды
Халықаралық шаңғы спорты түрлері (FIS) федерациясы 3 қазан күні Цюрихте өтетін жиында 2025 жылғы әлем чемпионатының қожайындарын анықтайды.
Егер коронавирусқа қатысты шектеулер алынбаса, отырыс онлайн режимде өтуі мүмкін. Тау шаңғысынан 2025 жылғы әлем чемпионатын қабылдауға үш қала үміткер: Кранс Монтана (Швейцария), Гармиш-Партенкирхен (Германия) және Заальбах (Австрия).
Норвегияның Тронхейм қаласы шаңғымен жарысудан әлем біріншілігін өткізуге жалғыз үміткер.
Сондай-ақ, Чехия Республикасы 2024 жылғы әлем чемпионатын өткізуден бас тартқаны белгілі болды. Осылайша, шаңғы жарысынан әлем біріншілігін қабылдауға қайтадан өтінімдер қабылданады.
Шаңғымен жарысудан биылғы әлем чемпионаты Словенияның Планица қаласында өтуі тиіс болатын. Алайда, індетке байланысты желтоқсан айына шегерілді.