Қазақстандық «Панда» кезекті жекпе-жекке шығады

Қазақстандық «Панда» кезекті жекпе-жекке шығады

Қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов келесі жекпе-жегінің күнін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Беделді BoxRec порталының хабарлауынша, қазақстандық спортшы рингке 17 шілдеде АҚШ-тың Майами қаласында Manual Artime Community Center театр аренасында жекпе-жекке шығады. Қарсыластың кім екені әлі айтылған жоқ. 

«Панда» лақап атымен аталатын Мұсәділов рингте 5 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Серік рингке 2017 жылдың 29 қарашасынан бері шықпаған. Сол жылы ол мексикалық Мартин Санзоресті екінші раундта нокаутқа жіберген еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или